KitchenAid KCZCX 20900L Instruction for Use Page 11

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 10
11
Қосу және өшіру
Алғашқы іске қосу
Құрылғы электр тоқ көзіне жалғанып, бірақ іске
қосылмай тұрған кезде, дисплей келесі
хабарламаны көрсетеді
Бұл құрылғының тоқ желісіне қосылып
тұрғандығын және панел түймелерінің барлығы
өшіп тұрғандығын білдіретін қауіпсіздік
хабарламасы.
Құрылғының барлық бөлімшелерін іске қосу
үшін Құрылғы түймесін үш секунд бойы
басыңыз.
Құрылғы алғаш рет іске қосылғанда, Көп
температуралы бөлімше “мұздату” режиміне
реттеліп тұрады.
Тоңазытқыш пен
Динамикалық 0°бөлімшесін өшіру
Қосылғаннан соң ол үнемі қосылып тұра береді
оны құрылғыны толық өшіру арқылы ғана істен
шығаруға болады.
Құрылғы түймесін үш секунд басып
тұрыңыз.
Қайта қосу
Қайта қосу үшін де сол түймелерді қолданыңыз.
Мұздатқыш бөлімшесі әрқашан қосылып
тұрады және оны құрылғы түймесін үш
секунд басып, құрылғыны толықтай өшіріп қана
істен шығаруға болады.
Ұзақ уақытқа өшіріп қою
Ұзақ уақыт болмаған кезде, Құрылғы түймесін
үш секунд басып, тоңазытқышты өшіру
керек және
электр істекшесін немесе ұяшықты басқаратын
көп-полюсті ауыстырғышты ажыратыңыз.
Тоңазытқышты толық босатыңыз, тазалаңыз,
құрғатыңыз және жағымсыз иістерді болдырмас
үшін есіктер мен тартпаларды жартылай ашық
қалдырыңыз.
Егер алғашқы қосу кезінде, Күту режимінің
хабарламасы пайда болмаса, бірақ басқа
хабарлама пайда болса, ол құрылғының
салқындату жұмысын бастап кеткенін
білдіреді. Осы жағдай орын алса, Дабыл
түймесін , басып, кез-келген дыбыс
белгілерін өшіріңіз, есікті жабыңыз да
орнатылаған температураға жеткенше
күтіңіз.
Алғашқы қосылу кезінде, өндірістік
реттеулерді өзгерту үшін әдепкі температура
орнағанша Мәзірді қолдану мүмкін емес
болады.
Құрылғы қосылған сайын, ол толық
қосылмас бұрын, өзін-өзі үш минут
тексерістен өткізеді.
Егер тек тоңазытқыш бөлімшесі немесе
Динамикалық 0°бөлімшесі өшіріліп тұрса
ғана, тиісті желдеткіш жағымсыз иістер мен
зеңнің қалыптасыуын болдырмас үшін
жұмыс істей береді.
Құрылғыны ұзақ уақытқа өшірмес бұрын,
оның ішіндегі барлық заттарды алып
шығыңыз және жағымсыз иістер мен зеңнің
қалыптасуын болдырмас үшін, есіктер мен
тартпаларды ашық қалдырыңыз.
Page view 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments