KitchenAid KOLSS 60600 Instruction for Use Page 10

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 9
Тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласу алдында:
1. “Ақаулықты түзету нұсқаулығында”
көрсетілген нұсқауларға сүйеніп,
мәселені өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз.
2. Құрылғыны сөндіріп, содан кейін қайта
қосып, мәселенің шешілген немесе
шешілмегенін тексеріңіз.
Жоғарыдағы тексерулерден кейін ақау
жойылмаса, жақындағы тұтынушыларға
қолдау көрсету қызметіне
хабарласыңыз.
Әрқашан келесі ақпаратты беріңіз:
ақаудың қысқаша сипаттамасы;
пештің түрі мен нақты үлгісі;
пештің алдыңғы оң жақ жақтауында
орналасқан (пештің есігі ашылғанда
көрінеді) қызмет нөмірі (техникалық
ақпарат тақтайшасындағы Қызмет
сөзінен кейін берілген нөмір). Сондай-ақ,
қызмет нөмірі кепілдік кітапшасында да
көрсетілген;
толық мекенжайыңыз;
телефон нөміріңіз.
Егер қандай да бір жөндеу жұмысы қажет
болса, уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (фирмалық
бөлшектерді пайдалану мен жөндеу
жұмыстарын дұрыс орындау үшін).
Тұтынушыларға қызмет көрсету
Тазалау
- Бумен тазалағыштарды
пайдаланбаңыз.
- Пешті қолмен ұстаған кезде салқын
тұрса ғана тазалаңыз.
- Құрылғыны қуат көзінен ағытыңыз.
Пештің сыртқы жағы
МАҢЫЗДЫ: жеміргіш немесе түрпілі
жуғыш заттарды пайдаланбаңыз. Егер
осы заттардың кез келгені күтпеген
жерден құрылғыға тиіп кетсе, дымқыл
шүберекпен дереу тазалаңыз.
Беткі жақтарын дымқыл микроталшық
шүберекпен тазалаңыз. Егер өте лас
болса, суға бірнеше тамшы жуғыш зат
қосыңыз. Құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Пештің ішкі жағы
МАҢЫЗДЫ: жеміргіш жөкелерді немесе
темір қырғыштарды пайдаланбаңыз.
Уақыт өте келе, эмаль қаптамаға және
пеш есігінің шынысына зақым келтіруі
мүмкін.
Әр пайдаланып болған сайын пешті
салқындатыңыз, содан кейін,
мүмкіндігінше жылы тұрған кезінде,
жиналып қалған қоқысты, тағам
дақтарын (мысалы, қанты көп тағамнан
қалған) тазалаңыз.
Жеміргіш немесе түрпілі жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
Есіктің шынысын соған сәйкес келетін
сұйық жуғыш затпен жуыңыз. Пештің
есігін тазалау жұмыстарын жеңілдету
үшін алуға болады (қараңыз: КҮТІМ
КӨРСЕТУ).
Ескертпе: құрамында суы өте көп
тағамдарды (мысалы, пицца, көкөністер,
т.с.с.) пісірген кезде
есіктің ішкі бетінде және тығыздағыштың
айналасында конденсат пайда болуы
мүмкін. Пеш суық тұрған кезде есіктің
ішкі бетін шүберекпен немесе жөкемен
құрғатыңыз.
Керек-жарақтары:
Керек-жарақтарды пайдаланып
болғаннан кейін жуғыш зат қосылған суға
жуыңыз, егер әлі ыстық болса пешке
арналған қолғапты пайдаланыңыз.
Тағам қалдықтарын жуғыш шөткемен
немесе жөкемен оңай тазалауға болады.
ЕСКЕРТУ
10
Page view 9
1 2 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments