KitchenAid KOTSSB 60600 Instruction for Use Page 21

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 20
21
Пешті пайдалану нұсқаулары
ЕТ СҮҢГІСІ
Жинақпен бірге берілген ет сүңгісі, тағамның керемет болып
пісуін қамтамасыз ету үшін тағамның ішкі температурасын
және 100°C градус аралығында нақты анықтауға
мүмкіндік береді. Пісіп жатқан тағамға қарай отырып,
қажетті ішкі температураны орнатуға болады. Дұрыс пісіру
нәтижелерін алу үшін үлгіні дұрыс орналастыру маңызды
болып табылады. Ет сүңгісін тағамның майлы және
сүйегі бар тұстарына тигізбей, қоңды жеріне толығымен
сұғыңыз (A-суреті). Ет сүңгісін құс еттерінің бүйір жақ
тұстарына, төсінің қақ ортасына, ет сүңгісінің ұшы бос
бөлікте қалмайтындай шаншу керек (B-суреті). Егер еттің
қалыңдығы әр түрлі болса, оны пештен алмас бұрын дұрыс
піскеніне көз жеткізіңіз. Сүңгінің ұшын пеш корпусының оң
жақ қабырғасында орналасқан тесікке сұғыңыз.
Сүңгіні келесі функциялармен пайдалануға болады:
Conventional (Стандартты)
Convection bake (Конвекциялық пеш)
Forced Air (Күшейтілген ауа)
Turbogrill (Турбогриль)
Tweli-grill (Tweli-гриль) (бар болса)
Slow Cooking Meat and Slow Cooking Fish (Етті баяу
пісіру және Балықты баяу пісіру)
Pro Roasting.(Кәсіби қуыру)
Егер ет сүңгісі енгізілмесе, пісіру әдеттегі жолмен
жалғасады (1-сурет); болмаса, дисплейде сүңгінің
жалғанбағаны көрсетіледі (2-сурет). Растау хабары
көрсетілгеннен кейін дисплейде барлық таңдалған пісіру
параметрлері көрінеді:
үстіңгі сол жақта (1-алаң) пештің температурасы;
үстіңгі оң жақта (3-аймақ) тағамның қажетті ішкі
температурасы (ет сүңгісі, 3-суретте көрсетілгендей).
Меңзерді "Start" қалпына қою үшін “Шарлау” тетігін бұрап,
содан кейін түймешігін басыңыз.
Пісіру экранының астыңғы оң жағында (4-алаң) тағамның
"қазіргі" ішкі температурасы көрінеді (4-сурет). Бастапқы
екі минутта (ет сүңгісі, 4-суретте көрсетілгендей) тағамның
қажетті температурасын өзгертуге болады. Екі минуттан
кейін бұл параметрдің орнына пісіру уақыты пайда
болады (5-сурет). Нақты тағамға қажетті ішкі температура
орнағаннан кейін соған қатысты хабар дисплейде 3
секунд көрінеді(6-сурет). Сонымен қатар, пеш “Шарлау”
тетігін + қалпына қарай бұрап, пісіру уақытын ұзарту
опциясын ұсынады. Егер ешбір түймешік басылмаса,
тамаша нәтижелерге қол жеткізу үшін пеш 6 минут пісіруді
жалғастырады. Егер пісіру уақыты ұзарса, ол экранның
үстіңгі оң жағынан көрінеді (3-алаң). Пісіріп болғаннан
кейін дисплейде тағамды "қызартуға" (қолданылатын
функцияларда) болатыны туралы хабар көрінеді.
ЕСКЕРІМ:
1. Пісіруді бастағаннан кейін екі минут өткен кезде,
тағамның қажетті ішкі температурасын өзгерту үшін ет
сүңгісін ағытып, содан кейін қайта жалғау керек.
2. Егер ет сүңгісін функция таңдалмай тұрып салсаңыз,
тек алдын ала қыздыру циклы жоқ пісіру функцияларын
ғана таңдауға болады. Алдын ала қыздыруды қажет
ететін рецептілер үшін, алдын ала қыздырып болғаннан
кейін ғана тағамға ет сүңгісін салыңыз.
3. "Pro Roasting" (Кәсіби қуыру) функциясында барлық
рецептілер үшін алдын ала қыздыру циклы қажет.
Сондай-ақ, алдын ала қыздыру циклы аяқталмай тұрып,
тағамды немесе ет сүңгісін салмаңыз.
(1-сурет)
(2-сурет)
Temperature reached
150°C
TEMPERATURE
30:00
COOK TIME
100 °C
CURRENT
Conventional
150°C
TEMPERATURE
00:10
COOK TIME
79 °C
CURRENT
Conventional
150°C
TEMPERATURE
100°C MEAT
PROBE
79 °C
CURRENT
Conventional
150°C
TEMPERATURE
100°C MEAT
PROBE
Meat probe has been
connected
Conventional
180°C
TEMPERATURE
YES PREHEAT.
--:--
COOK TIME
--:--
END TIME
(1-сурет)
(2-сурет)
(3-сурет)
(4-сурет)
(5-сурет)
(6-сурет)
Page view 20
1 2 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments