14
Осы тараудағы ақпарат пен нұсқаулықтар
машинамен жұмыс істейтін барлық
қызметшілерге, оның ішінде, пайдаланушылар
мен техниктерге арналған.
НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тазалау жəне жөндеу шараларын қауіпсіз түрде
жүргізу үшін келесі ережелерді орындаңыз:
• машинаны қуат көзінен тоқ сымын тартпай
ажыратыңыз;
• қолыңыз не аяғыңыз жалаң, ылғал немесе су
болған кезде машинаға тимеңіз;
• қалқандар мен жылжымалы бөлшектер арасына
бұрағыштарды, ас үй жарақтарын немесе басқа
да заттарды салмаңыз.
Күнделікті күтімді орындау үшін қалқандарды
жəне қауіпсіздік жабдықтарын жылжытуға
тыйым салынады. Осы міндетті орындамау
нəтижесіндегі оқыс оқиғаларға Өндіруші
жауапты емес.
СЫРТҚЫ БЕТТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Корпус
Тот баспайтын болаттан жасалған тез
тоңазытқыштың сыртқы бетін жұмсақ тазалағыш
затты қолданып, жұмсақ матамен немесе
сорғышпен тегістеу бағытына қарай сүртіңіз.
Сым ысқыштарын, абразивтерді, қышқылдарды
немесе бетін жөндеуге келмейтіндей етіп
зақымдай алатын агрессивті заттектерді
қолдануға кеңес бермейміз.
Маңызды! Тазалау барысында сериялық нөмірі
бар заттаңбаларды АЛЫП ТАСТАМАҢЫЗ. Олар
техникалық көмек кезінде маңызды ақпаратпен
қамтамасыз етеді.
Басқару панелі
Тез тоңазытқыштың бұдырлы түймелері жоқ
“сенсорлы” басқару панелі болады, оның шыны
бетін арнайы жуғыш өнімдерін қолданып оңай
тазалап алуға болады.
Біз аздап жуғыш зат қосылған жұмсақ матамен
мұқият құрғатып алғанды ұсынамыз.
ІШІН ТАЗАЛАУ
Ішкі бетін құрсап тұрған мұз қабатын жылдам
еріту үшін əр айналым біткен сайын есікті
“жібіту кейпінде” ашып қойыңыз. Камераның
түбіндегі суды ағызу үшін, ағызба тығынын (6
сурет) алып тастауды ұмытпаңыз. Қалған су
ағызбадан ағып кете алады.
Күнделікті күтім
Ағызба
тығыны
Жібіту
кейпі
Сурет 6
Comments to this Manuals