KitchenAid KCVWX 20600L Installation Manual Page 25

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 24
25
Алдыңғы деңгей аяқтарының дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Су жүйесіне жалғауда еш сорғалау жоқ екенін және жабатын шүмектің қол астында екендігін
тексеріңіз.
Электр жалғауы дұрыс орнатылғанын және көп-полюсті ауыстырғыш пен ұяшықтың
қолжетімділігін тексеріңіз.
Құрылғының жанаспа корпуспен қиылысуы мінсіз екенін тексеріңіз.
Барлық жабысқыш таспалар мен сыртқы немесе ішкі уақытша қорғаныс жабдықтарын алып
тастағаныңызға көз жеткізіңіз.
Есіктердің мінсіз жабылуы және тартпалар мен сөрелердің бөгетсіз сырғуын тексеріңіз.
Орнату аяқталғаннан кейінгі тексеріс
Құрылғыны әске қосу үшін, істікшені электр
желісіне жалғаңыз: бұл сатыда, есікті ашқан
кезде, басқару панелі әдетте “Күту режимі”
хабарламасын көрсетеді және панельдің
барлық түймелері өшіп тұрады.
Құрылғының барлық бөлімшелерін іске қосу
үшін Құрылғы түймесін үш секунд бойы
басыңыз. Дисплей “Бастапқы тексеріс”
хабарламасын шамамен 2 минут бойы
көрсетеді. Осы сатыдан кейін, компрессорлар
іске қосылады және орнатылған өндірістік
әдепкі температураға жеткенше жұмыс істей
береді. Бұл жағдайдың бірнеше сағатқа
созылуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.
Құрылғы Мұз Жасағышпен жабдықталған
болса, оны қоспас бұрын, су сүзгі картриджінің
орнатылғанына көз жеткізіңіз, содан кейін, су
жүйесін толтырыңыз. Ол үшін Мұз
Жасағышты өшіріп тастаңыз. Бірнеше минутқа
созылатын толтыруды бастау үшін, Енгізу
және Мұз Жасағыш түймелерін бір мезетте
басыңыз.
Соңында Мұз Жасағышты түймесін басу
арқылы қайта қосыңыз.
Құрылғы жұмысына қатысты қосымша ақпарат
үшін, Пайдаланушы Нұсқамасын қараңаз.
Егер алғаш қосқанда, Күту режимі хабарламасы болмаса, ал Тоңазытқыш тым жылы,
Фреско тым жылы немесе Мұздатқыш тым жылы секілді хабарламалары пайда болса
немесе дыбыс сигналдары қосылып тұрса, ол құрылғыда салқындату барысы басталып
кеткенін білдіреді.
Егер осы жағдай орын алса, кез келген акустикалық сигналдарды Дабыл түймесін басып
өшіріңіз, есікті жабыңыз және орнатылған температураға жеткенше күтіңіз.
Тағамдарды ішінде сақтамас бұрын, құрылғыда қажетті температура орнағанша күткен
жөн.
Іске қосу
Page view 24
1 2 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments