KitchenAid KHMD4 60510 Instruction for Use Page 7

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 16
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 6
Пеш мүмкіндіктерін барынша тиімді
пайдалану үшін, нұсқауларды мұқият
оқыңыз жəне кейін қолдану үшін
сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқаулар таңбасы пештің сериялық
нөмір тақтасында көрсетілген елдер үшін
ғана жарамды.
Орам материалдары (пластик дорбалар,
полистирол, т.б.) балалар үшін қауіпті
жəне қоқысқа тиісті жолмен тасталуы
қажет.
Құрылғының тасымалдау кезінде
зақымдалмағанын тексеріп, орнатуға
дейін барлық қорғау орамдары мен
үлдірлерін алыңыз.
Бұл пеш (кат. 3) үй шаруашылығы
ортасында ас пісіруге ғана арналып
жасалған. Басқа қолданыстар
(мысалы, бөлме жылыту) дұрыс емес
жəне қауіпті деп қаралуы тиіс.
Бұл құрылғыны орнату жəне газ
немесе электр көзіне жалғау
жұмыстарын білікті, қуат
заңнамаларына сай білімі бар маман
орындауы тиіс.
Бұл құрылғыны қолданыстағы
стандарттарға сай орнатып, жақсы
желдетілетін бөлмеде ғана қолдану
қажет. Құрылғыны орнатуға жəне
қолдануға дейін нұсқауларды оқыңыз.
Алдын ала орнатылған газ қосқыш
пен оның қысым клапаны пештің
төменгі жағындағы жапсырмада
көрсетілген. Газ жабдақтаудың бұл
түрі қолданылмаса, 11-беттегі əртүрлі
газ жабдықтау құралдарын бейімдеу
бөлімін қараңыз.
Ескеріңіз:
Табандар дұрыс орналастырылмаса
пешті сызаттауы мүмкін. Бұған жол
бермеу үшін пештің бетіне темір
табандардың түбіндегі резеңке бөлігі ғана
тиюін қадағалаңыз жəне темір
табандарды пештің бетімен сүйретпеңіз.
Әйнек беткейде келесі нəрселерді
қолданбаңыз:
- Шойын грильдер, шым ыдыстар.
- Жылу конвекторлары (мысалы, темір
торлы).
- 1 ыдыспен пісіру үшін екі жанарғы
қолдану.
Ұзақ уақыт қолданғанда қосымша
желдеткіш қажет болуы мүмкін (терезені
ашу немесе сорғының тарту
жылдамдығын арттыру).
Ескерту
Пеш қолданыста болғанда пешке
балаларды жақындатпаңыз жəне
құрылғының басқару тетіктері немесе
басқа бөлшектерімен ойнауға жол
бермеңіз.
Бұл құрылғы физикалық, көру-есту
немесе ойлау қабілеті төмен немесе
білімі мен тəжірибесі жоқ (балаларды
қоса) адамдардың қолданысына
арналмаған, егер олардың қауіпсіздігіне
жауап беретін тұлға жетекшілік көрсетіп
немесе нұсқаулық бермеген жағдайда.
Балаларға темір табандармен ойнауға
болмайды. Темір табандардың түбіндегі
кішкене резеңке аяқшаларды жас
балалар жұтып қойса, қатты жарақат алу
немесе тұншығу қаупі бар.
Пештегі темір табандарды ауыстырғанда
резеңке аяқшаларының түгел болуын
тексеріңіз.
Пешті қолданып болған соң, басқару
тетіктерінің жəне газ қосқыштар немесе
газ құтыларының өшірілуін қадағалаңыз.
Құрылғының артындағы ауа
саңылауларының бітеліп қалмауын
қадағалаңыз.
Ескертулер жəне кеңестер
7
Page view 6
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 15 16

Comments to this Manuals

No comments