KitchenAid KHYD2 38510 Instruction for Use Page 7

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 20
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 6
- Қуат кабелінің ұзындығы орнатылған құрылғыны қуат көзіне
жалғау үшін жеткілікті болуы тиіс.
- Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сай орнату үшін контакт
саңылауы кем дегенде 3мм омниполярлы қосқыш қажет.
- Бірнеше ұялы немесе ұзарту сымын қолданбаңыз.
- Құрылғыны қуат сымынан тартпаңыз.
- Орнатылған құрылғының электр бөлшектеріне
пайдаланушының қолы жетпейтіндей болуы қажет.
- Құрылғы тек қана үйде ас пісіруге арналып жасалған.
Басқа қолданыстарға рұқсат жоқ (мысалы, бөлмелерді
жылыту). Өндіруші қате қолданыс немесе басқару тетіктерін
қате реттеу жағдайларына жауап бермейді.
- Құрылғы мен оның қол жететін бөлшектері қолданыс
кезінде қатты ысиды. Қызған бөлшектеріне қол тигізбеген
жөн. Өте жас (0-3 жастағы) жəне жас балалардың (3-8
жастағы), егер жанында ересектер болмаса, құрылғыға
жақындауына жол бермеу керек.
- 8 жастан асқан балалар мен физикалық, көру жəне есту
қабілеті шектеулі немесе ақыл-есі кем немесе тəжірибесі
мен білімі жоқ адамдарға бұл құралды жанында жетекші
болған жағдайда немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
нұсқаулары берілген жəне оларды түсінген жағдайда ғана
қолдануға болады. Балаларға бұл құралмен ойнауға
болмайды. Тазалау жəне жөндеу жұмыстарын, егер
жанында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балаларға
орындауға болмайды.
- Қолдану кезінде жəне қолданыстан кейін жылу
элементтеріне қол тигізбеңіз. Құрылғының барлық
бөлшектері əбден суығанша киім немесе басқа жылдам
тұтанғыш заттарды тигізбеңіз.
- Жылдам тұтанғыш заттарды құрылғының үстіне немесе
маңайына қоймаңыз.
- Қызған майлар мен малдың майы өртке бейім болады.
Майды көп қажет ететін тағамдарды пісіргенде абай
болыңыз.
7
Page view 6
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 19 20

Comments to this Manuals

No comments