KitchenAid KOQCX 45600 Instruction for Use Page 41

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 56
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 40
ӘДІС
Chef Touch“ әдісі алдын ала вакуум
қаптамаға салынған тағамдарға арналған
пісіру жүйесі болып табылады.
Осындай қаптамаға салу үшін белгілі бір
қызу дәрежесіне төзімді келетін пластик
материалдан жасалған арнайы қапшықтар
пайдаланылады.
Піскеннен кейін тағамды дереу жеп қою
керек және тоңазыту немесе мұздату
температурасында сақтауға қоярдан бұрын
температурасын тез төмендету керек.
Тағамды пісіру кезінде пайдаланылған
орауышынан алғаннан кейін дастарқанға
тартылады және сақтауға қойылған
(тоңазытылған немесе мұздатылған)
жағдайда, оны дастарқанға тартуға болатын
температураға дейін жылытуға болады.
Chef Touch әдісімен пісірілген тағамның-
дәстүрлі әдістер бойынша пісірілген
тағамдарға қарағанда органолептикалық
және нәрлілік сапасы жақсырақ болады.
Осы әдістің нәтижесінде нәрлі заттардың,
шырын мен ұшпа хош иістердің жоғалуы
барынша азаяды.
Вакуум қапшыққа салу тағамның тікелей
ауа немесе айналадағы бу тимей пісуіне
мүмкіндік береді де, сөйтіп, төмендегілер
азаяды немесе толық жойылады
Ұшпа хош иісті заттектердің буланып
ұшып кетуі,
Пісіру кезінде ылғалдың жоғалуы, бұл
көптеген нәрлі заттардың жойылуына
себеп болады
Тотықтанған құрамдастардың түзілуі
Chef Touch әдісі тағам дайындаудың алуан
түрлеріне, әсіресе еттен, балықтан және
көкөністен жасалған көптеген тағамдарды
жақсарту үшін қолайлы.
М
ИКРООРГАНИЗМДЕР ЖӘНЕ ТАҒАМ
Тағамның құрамында әдетте әр түрлі
микроорганизмдер болады.
Олардың кейбіреуі “useful” болып саналады,
тағамдардың өздерін дайындауға үлес
қосады және тағамды тұтынушыларға
немесе азық-түлікті сақтауға қауіп
келтірмейді.
Мысалы, ет-шұжық өнімдерінде, ірімшік пен
шарапта өздеріне тән ерекшелік болады, ол
ең әуелі тізбекті “пісіп-жетілу” кезеңдерінде
“құрылымын” жақсартып, өзгерткен
бактериялардың арқасында қалыптасады.
Табиғатта “патогендер” (ауру тудыратын)
деп аталатын микроорганизмдердің басқа
түрлері бар, олар адамның денсаулығына
зиян келтіреді.
Осындай микроорганизмдер біз жейтін
тағамда да болуы мүмкін және айналадағы
ортадан, адамдардың ластауынан немесе
шикізаттардың өздерінен тағамға түсуі
мүмкін.
Азық-түлікті вакуум қаптамаға салу Chef
Touch әдісінің басты факторы болып
табылады, ол тағамға жанасатын оттегі
деңгейін азайтып, сол арқылы түрлі
микробтардың өсуін тежейді; сонымен
қатар ол оттегі жоқта тіршілік етіп, өсіп-өне
алатын, “анаэробты” деп аталатын басқа
микроорганизмдердің өсуі үшін тамаша
ортаны қалыптастырады.
Осындай түрлер де ауру тудыруы,
сондықтан адамның денсаулығына зиян
келтіруі мүмкін. Барынша жақсы белгілі
анаэробты ауру тудыратын
микроорганизмдердің ішінде Clostridium
Botulinum бар, ол оттегісіз тіршілік етіп,
тағам дұрыс сақталмаса (сақталу
мерзімдері мен температуралары
ұсынылғаннан басқа болса), аса уытты
уларды шығара алады.
Вакуум қаптамаға салу микроорганизмдерді
түгелдей жоя алмайды, сондықтан оны
бөлме температурасында сақтау әдісі
ретінде пайдалануға болмайды.
Chef Touch әдісі бойынша пісіру үшін
әдеттегі тазалық сақтау ережелерін
ұстанып, төмендегі жайттарға байланысты
пайдалану нұсқаулығында көрсетілген
нұсқауларды орындау қажет:
Жаңа піскен шикі өнімдер мен
құрамдастарды пайдалану;
•“KitchenAid вакуум машинасы аспабын
және арнайы пісіру қапшықтарын
пайдалану;
•“KitchenAid бу пеші“ мен пайдаланушы
нұсқаулығындағы кестелерде
көрсетілген ең қысқа пісіру уақытын
ұстану;
Тағамды дереу жеп қою немесе
KitchenAid жылдам мұздатқышының
көмегімен температураны тез азайту
Пайдалану нұсқауларында көрсетілген
сақтау мерзімдері мен температураларын
ұстану.
Chef Touch” әдісімен таныстыру
41
Page view 40
1 2 ... 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 ... 55 56

Comments to this Manuals

No comments