KitchenAid KOSCX 45600 Instruction for Use Page 39

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 52
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 38
39
“Chef Touch“ əдісін пайдалану үшін the
KitchenAid қызыл түсті қапшықтарын
пайдалану керек.
Қапшыққа тағамды салардан бұрын қапшықта
берілген жерлерге тамақ дайындау күні мен
азық-түліктің түрін өшірілмейтін сиямен жазып
қойған дұрыс.
Пісіруге арналған қапшықтар
KITCHENAID ВАКУУМДЫ ҚАПШЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
1. Суырманы толық ашыңыз (сырт еткенше).
2. Оң жақтағы алдыңғы көк қосқыштың көмегімен аспапты тоққа
қосыңыз.
3. KitchenAid қапшығының тағамның көлеміне дəл келетін өлшемін
таңдаңыз (15x25 немесе 20x20).
4. Қақпағын ашып, вакуумды камераның құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Қапшыққа тағамды салған кезде, қапшықтың аузына жақын ластамауға
немесе суламауға тырысыңыз, өйткені бұл тығыз жабылмауына əкелуі
мүмкін.
5. Аспаптық бөілмшедегі тіреуіш торды суретте көрсетілгендей
орналастырыңыз, қапшық суретте көрсетілгендей тордың ортасында
болуға тиіс; қажет болған жағдайда торды сəл еңіс тұратындай етіп
еңкейтіңіз, сонда вакуумдау циклы кезінде тағамның төгілуіне жол
бермейді. Тағамның мөлшері үлкен болғанда, вакуумды камераның
ішінде көбірек орын болуы үшін торды алып қою керек болуы мүмкін.
6. Қапшықтағы үзік сызықты бітеуіш жолаққа дəлдеп келтіріңіз.
Жиектерінің жолақта қыртыссыз немесе қатпарсыз орналасқанына көз
жеткізіңіз.
7. Қақпағын жабыңыз да, сонымен бір мезгілде қалаған қапшық циклын
таңдай отырып, оны төмен басып тұрыңыз. Қақпақты бірнеше секунд
басып ұстап тұрыңыз. Осылай еткенде қақпақ цикл барысында жабулы
жəне тығыздауышқа қатты басулы күйде қалады.
Қапшықтағы вакуумды сақтау үшін тығыздауыштың мықты болуының
маңызы зор. Мұны күйген белгісі жоқ, жақсы көрінетін тығыздауыш
арқылы байқауға болады.
Тығыздауыштың KitchenAid қапшығындағы үзік сызықтың үстінде
немесе соған қатарлас екенін əрқашан тексеріңіз.
Сонымен қатар, тығыздауыштың мықты екенін тексеріңіз, бітегеннен
кейін қапшықтың жиектерін ажырату мүмкін емес болуы керек. Егер
олай болмаса, тағамды басқа қапшыққа ауыстырып салып, вакууммен
орау əрекетін қайталаңыз.
МАҢЫЗДЫ Қапшықтар мен олардың ішіндегі тағамды дұрыс тқолдану
үшін оралған күні мен ішіндегі тағамды тығыздауыштан жоғары
қалдырылған жерге жазып қойыңыз.
МАҢЫЗДЫ Егер вакууммен орауды қайталағаннан кейін де сол ақаулық қайталанса,
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қапшықтарды дайындау
Page view 38
1 2 ... 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 ... 51 52

Comments to this Manuals

No comments