KitchenAid KCVWX 20600L Instruction for Use Page 6

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 5
6
ОРНАТУ
Құрылғыны екі немесе бірнеше адам қозғауы
ж
әне орнатуы тиіс.
Еденге (мысалы: паркет) зақым келтірмеу үшін
құрылғыны жылжытқан кезде сақ болыңыз.
Орнату барысында құрылғының тоқ сымына
зақым келтірмеуін қадағалаңыз.
Құрылғының жылу көзінің жанында
орналаспағанына көз жеткізіңіз.
Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін
құрылғының екі жағында және төбесінде бос
кеңістік қалдырыңыз және орнату
нұсқаулықтарын орындаңыз.
Құрылғының желдету қуыстарын ашық күйде
қалдырыңыз.
Құрылғының тоңазытқыш затының айналым
түтіктерін зақымдап алмаңыз.
Құрылғыны оның салмағын көтере алатын
мейілінше мықты еденге және оның көлемі мен
қолданысына сай жерге түзу орнатыңыз.
Құрылғыны құрғақ әрі жақсы желденетін жерге
орнатыңыз. Бұл құрылғы техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген климаттық класқа
сәйкес төмендегі ауқымдағы температурасы бар
жерлерде жұмыс істеуге арналып жасалған.
Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс
температурада ұзақ уақыт қалып қойса, дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Техникалық кестеде көрсетілген кернеу мөлшері
сіздің үйіңіздегі кернеуге сай екеніне көз
жеткізіңіз.
Жалғыз/көп көзді бейімдеуіштерді немесе
ұзартқыш сымдарын қолданбаңыз.
Суды жалғау үшін жаңа құрылғымен бірге
жүретін түтікті қолданыңыз; әуелгі құрылғының
түтігін қолданбаңыз.
Қуат сымын өзгертуді немесе ауыстыруды
білікті қызметкерлер немесе Кепілді қызмет
көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғыны қуат көзінен ашасын суыру арқылы
немесе ұяшықтың жоғары жағынан орнатылған
электр желісінің екі полюсті қосқышының
көмегімен ажырату мүмкін болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК
Ішінде жанғыш заты бар бүріккіш қалбырлар
сияқты жарылғыш заттарды осы құрылғының
ішінде сақтауға болмайды.
Осы немесе өзге де электр құрылғыларының
айналасында жанармайды, тұтанғыш
сұйықтықтарды немесе газдарды сақтамаңыз
және қолданбаңыз.
Бұлар өрттің немесе жарылыстың түрткісі
болуы мүмкін.
Жібіту үрдісін жылдамдату үшін өндіруші
ұсынған құралдардан басқа механикалық,
э
лектрлік немесе химиялық құралдарды
қолдануға болмайды.
Егер Өндіруші электр аспаптарының белгілі бір
түрлерін арнайы рұқсат етпеген болса, оларды
құрылғы камераларының ішінде қолдануға
немесе қоюға болмайды.
Бұл құрылғы іс-қимыл, сезіну, ойлау қабілеті
мен мүмкіндіктері шектелген немесе тәжірбиесі
мен білімі жоқ адамдардың (балалар)
қолданысы үшін арналмаған, олардың
қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғы
қолданысына қатысты нұсқау беріп, қадағалаған
жағдайда ғана олардың қолдануына рұқсат
етіледі.
Балалардың қамалып қалуын және тұншығып
қалуын болдырмас үшін, оларға құрылғымен
ойнауға және оның ішіне тығылуға тыйым
салынады.
Мұз сауыттарының ішіндегіні (уытты емес)
жұтып қоюға болмайды (кейбір үлгілерде).
Мұз текшелерін немесе мұз таяқшаларын
мұздатқыштан алған бетте пайдалануға
болмайды, себебі олар үсік шалуға әкелуі
мүмкін.
ҚОЛДАНЫС
Кез келген техникалық қызмет көрсету немесе
тазалау жұмыстарын жүргізбес бұрын, құрылғы
істікшесін суырып, қуат көзінен ажыратыңыз.
Автоматты мұз жасағышымен және су
диспенсерімен жабыдқталған барлық
құрылғылар тек ауыз суын қамтамасыз ететін су
құбырына жалғануы тиіс (су желісінің қысымы
0,17 және 0,81 МПа (1,7 және 8,1 бар)
аралығында болуы тиіс). Су құбырына тікелей
жалғанбаған автоматты мұз жасағыштарына
және/немесе су диспенсерлеріне тек ауыз суын
ғана құю қажет.
Тоңазытқыш бөлімше тек жас тағамды сақтау
үшін, ал мұздатқыш бөлімше тек мұздатылған
азық-түлікті сақтау, жас тағамды мұздату үшін
және мұз текшелерін қатыру үшін
пайдаланылады.
Ішіне сұйықтық құйылған шыны ыдыстарын
мұздатқыш бөлімшесінде сақтамаңыз, себебі
олардың сынып кетуі мүмкін.
Оралмаған азық-түлікті тоңазытқыш немесе
мұздатқыш бөлімшелердің ішкі беттеріне
тікелей жанастырып сақтамаңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген кеңес пен сақтық
шаралары орындалмаса, Өндіруші кез келген
жауапкершіліктен бас тартады.
Климаттық класс Қорш. Т. (°C) Қорш. Т. (°F)
SN 10 - 32 50 - 90
N 16 - 32 61 - 90
ST 16 - 38 61 - 100
T 16 - 43 61 - 110
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер
Page view 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments