19
Көп температуралы бөлімшені қолдану
Көп температуралы бөлімшені, Шарап
Қоймасымен жəне Тағамдар Барымен бірге
қолдану, құрылғы қолданысында үлкен
икемділік береді.
Кейбір қолдану мүмкіндіктері:
Мұздатқыш режимі
•
Арақ, джин, текила, шнапс, лимончелло
сияқты ликерлер жəне оларды құятын
шынылар
•
Құмыраны салқындату қызметін іске қосу
арқылы сусындарды жылдам салқындату
•
Мұзды көп мөлшерде сақтау.
Тоңазытқыш режимі
•
Шарап Қоймасының немесе Тағамдар
Барының кеңейтілген түрі ретінде
•
Сыра мен алкогольсіз ішімдіктерді тоңазыту
үшін
•
Салқын тағамдар мен тіскебасарларды сақтау
үшін.
Салқындатқыш режимі
•
Тұздалған ет пен қызыл балықты сақтау үшін
•
жеңсік ас дайындамалары.
Айтпаса да түсінікті, бөлімшені дəстүрлі түрде
қолдануға болады. Берілген ұсыныстар мен
кеңестер сізге тағамдарыңызды ұзақ уақытқа
толықтай қауіпсіз түрде сақтауыңызға
көмектеседі.
Шараптарды сақтау - Жалпы кеңестер
Төмендегі шарттар орындалған жағдайда,
шарапты ұзақ уақыт аралығында сақтауға
болатындығы бəріне мəлім:
• Қолайлы тепературада ұзақ уақыт елеулі
өзгерістерсіз сақтау
• Ылғалдылықтың деңгейін қадағалау
• Жарықтан қорғау
• Шу мен тербелістердің болмауы
• Иістердің болмауы
• Құмыраны көлденең сақтау.
KitchenAid Шарап Қоймасы көрсетілген
шарттардың барлығын қамтиды.
Comments to this Manuals