KitchenAid KCBNS 18602 Instruction for Use Page 10

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 16
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 9
10
Тоңазытқыш бөлімше
Ескерту: тоңазытқыштың бөлшектерін ыдыс жуғыш машинасына салып жумаңыз.
Ескертпе: қоршаған ортаның температурасы, есіктерді ашу жиілігі жəне құрылғының орналасқан
орны екі бөлімшенің ішкі температурасына əсер етуі мүмкін. Осы факторларды ескере отырып,
температураны орнатыңыз.
Ескертпе: өте ылғалды жағдайда, тоңазытқыш ішінде конденсация пайда болуы мүмкін, əсіресе
шыны сөрелерінде. Бұл жағдайда, сұйықтығы бар ыдыстардың (мысалы сорпа құйылған ыдыс)
бетін жауып, құрамында су мөлшері көп тағамдарды (мысалы көкөністер) орап, бар болса
желдеткішті қосып қойған жөн.
Жеміс жəне көкөніс тартпасын алып қою (үлгіге байланысты)
Тартпаны сыртқа қарай барынша тартыңыз, көтеріңіз жəне алып шығыңыз.
Жеміс жəне көкөніс тартпасын оңай алып шығу үшін төменгі екі сөрені босатып (мүмкін болса
алып қоюға), содан кейін тартпаны алып шығу қажет болуы мүмкін.
Желдеткіш жəне бактерия мен иіске қарсы сүзгі (үлгіге байланысты)
Желдеткіш бөлімшелер ішіндегі температуралардың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді, демек,
тағамның жақсырақ сақталуын жəне ылғалдылықтың шамадан аспауын қамтамасыз етеді. Желдету
аймағын бөгемеңіз. Желдеткішті қолмен қосуға/өшіруге болады (Қысқаша нұсқаманы қараңыз); егер
қосылып тұрса, ол автоматты түрде қажет кезде жұмыс істейді.
Мұздатқыш бөлімшесі
Бөлек мұздатқыш бөлімшесі бар үлгі
Мұздатқыш бөлімшесін мұздатылған тағамды сақтауға (қаптамада көрсетілген мерзімге)
жəне балғын тағамды мұздату үшін қолдануға болады. 24 сағат ішінде мұздатуға болатын балғын
тағамның мөлшері техникалық ақпарат тақтайшасында жазылған. Балғын тағамды мұздатқыш
бөлімшесіндегі мұздату аймағына (Қысқаша нұсқаманы қараңыз), тағам қаптамаларының арасында
ауа айналымы еркін жүретіндей етіп, кеңістік қалдырып салыңыз. Жартылай жібіген тағамдарды
қайта мұздатпаған жөн. Тағамға су, ылғал немесе конденсация кірмейтіндей етіп ораған маңызды.
Мұз текшелерін жасау
Мұз науасының (бар болса) 2/3 бөлігін сумен толтырып, мұздатқыш бөлімшесіне қайта қойыңыз.
Мұзды кетіру үшін өткір немесе сүйір заттарды ешбір жағдайда қолданбаңыз.
Тартпаларды алып қою (үлгіге байланысты)
Тартпаларды сыртқа қарай барынша тартыңыз, көтеріңіз жəне алып
шығыңыз. Көлемін ұлғайту үшін, бөлімшені тартпаларсыз
қолдануға болады.
Тағамды торларға/сөрелерге қайта қойғаннан кейін есіктің дұрыс
жабылғанына көз жеткізіңіз.
Тағамдарға арналған ішкі бөлімшесі бар үлгілер
Мұздатқыш бөлімшесінде балғын тағамды да мұздатуға
болады. 24 сағат ішінде мұздатуға болатын балғын тағамның
мөлшері техникалық ақпарат тақтайшасында жазылған.
Балғын тағамды мұздату:
тағамды тордың үстіне қойыңыз, егер бар болса (1 сурет),
немесе бөлімшенің түбіне тікелей қойыңыз (2 сурет)
тағамды бөлімшенің ортасына, мұздатылған тағаммен
жанаспайтындай етіп, шамамен 20 мм қалдырып салыңыз (1
жəне 2 сурет).
1 сурет
2 сурет
Page view 9
1 2 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

Comments to this Manuals

No comments