KitchenAid KCBNS 18602 Instruction for Use Page 9

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 16
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 8
9
Жарық шамын немесе жарық диодын ауыстыру (үлгіге байланысты)
Жарық шамын ауыстырар алдында, құрылғыны тоқ көзінен əрқашан ажыратыңыз. Содан кейін
өнімде қолданылатын жарық шамының түріне байланысты нұсқаулықтарды орындаңыз.
Жаңа жарық шамын Техникалық көмек қызметінен жəне өкілетті сатушылардан ауыстырылатын
жарық шамының көрсеткіштерімен бірдей етіп алыңыз.
Жарықтың түрі 1)
Жарық шамын алып тастау үшін, оны суретте көрсетілгендей,
сағат бағытына қарсы бұраңыз. Құрылғыны қайта жалғамас бұрын
5 минут күтіңіз.
- əдеттегі жарық шамы (макс 25Вт)
немесе
- Жарық диодының жарық шамы (бірдей
көрсеткіштермен) тек қана Техникалық көмек
қызметінен алуға болады
Жарықтың түрі 2)
Егер өнім төмендегі суреттерде
көрсетілгендей жарық диод
шамдарымен жабдықталған болса
жəне сізге оларды ауыстыру қажет
болса, Техникалық көмек
қызметіне хабарласыңыз.
Жарық диодтары əдеттегі жарық
шамдарынан ұзақ қызмет етеді,
іштегі көру айқындығын
жақсартады жəне экологиялық тұрғыдан таза болып саналады.
Жарық шамы
Жарық диодты жарық шам
Құрылғы қолданылмайтын жағдайда
Құрылғыны тоқ көзінен ажыратыңыз, оны босатыңыз, ішін жібітіңіз (қажет болса) жəне тазалаңыз.
Бөлімше іштерінде ауа айналымы жүретіндей етіп, есіктерді сəл ашып қойыңыз. Осылайша, сіз
көгеруді жəне жағымсыз иістердің пайда болуын болдырмайсыз.
Тоқ берілмей қалған жағдайда
Тағамның барынша суық күйде қалуы үшін есіктерді жабық ұстаңыз. Жартылай жібіген тағамдарды
қайта мұздатпаңыз. Тоқ ұзақ уақыт берілмей қалса, өшіру дабылының қосылуы мүмкін
(электроникамен жабдықталған үлгілерде).
Тоңазытқыш бөлімше
Тоңазытқыш бөлімшесінде балғын тағамдарды жəне сусындарды сақтауға болады.
Тоңазытқыш бөлімшесі толықтай автоматты түрде жібітіледі.
Бөлімше ішіндегі артқы қабырғада су тамшыларының пайда болуы - автоматты жібіту сатысының
белгісі. Жібіген су ағызба арқылы ағып, ыдыста жиналады жəне сол жерде буланады.
Кейбір өнім үлгілері арнайы “Нөл градус” бөлімшесімен жабдықталуы мүмкін, ол ет пен балықты
сақтағанға қолайлы болып келеді.
Page view 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

Comments to this Manuals

No comments